Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылы Қазақстанда декларацияны кімдер тапсыруға міндетті
Жаңалықтар

2025 жылы Қазақстанда декларацияны кімдер тапсыруға міндетті

20.12.2024
1 мин
0
1383
Сурет: gov.kz

2025 жылы Қазақстанда декларацияны тапсыруға міндетті азаматтардың санаты нақтыланды. Бұл талап, әсіресе, шетелде мүлкі бар және басқа да белгілі бір санаттағы азаматтарға қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алғашқы жоспар бойынша, 2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау барлық ересек қазақстандықтарды, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлерді де қамтуы тиіс болатын. Алайда жоспар қайта қаралып, кейбір азаматтар бұл міндеттен босатылды. Дегенмен белгілі бір топтарға декларация тапсыру талабы сақталады.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2025 жылы декларация тапсыруға міндеттілер қатарына келесілер жатады:

  • Шетелде мүлкі бар Қазақстан азаматтары мен резиденттері;
  • Мемлекеттік немесе сайланбалы лауазымдарға үміткерлер;
  • Банктердің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болуға өтініш берген тұлғалар;
  • Жеке практикамен айналысатын мамандар (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және т.б.);
  • Қазақстанда немесе шетелде 20 000 АЕК-тен асатын (2024 жылы шамамен 73 840 000 теңге) ірі сатып алу жасаған азаматтар.

Сонымен қатар кез келген азамат өз еркімен декларация тапсырып, қолма-қол ақшаны (10 000 АЕК-ке дейін) немесе басқа активтерін көрсетіп, жариялай алады.

Шетелдегі мүлікті декларациялауға келсек, келесі нысандар міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

  • Жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары;
  • Шетелдік компанияларға немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
  • Шетел банктеріндегі 1000 АЕК-тен асатын қаражат;
  • Бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары;
  • Делдалдық шоттардағы қаражат;
  • Зияткерлік меншік және авторлық құқықтар;
  • Цифрлық активтер;
  • Дебиторлық/кредиторлық берешек;
  • Инвестициялар мен бағалы металдар;
  • Құны 1000 АЕК-тен асатын мүліктер: антиквариат, сәнді заттар немесе басқа құнды бұйымдар.

Декларацияға 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша тиесілі барлық активтер мен міндеттемелер енгізілуге тиіс екенін ескеріңіз. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл