Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
30-шы қазанға арналған ауа райы болжамы қандай?
Жаңалықтар

30-шы қазанға арналған ауа райы болжамы қандай?

29.10.2022
2 мин
1
1831

Еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтілуде.

Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ болады, қатты жел тұруы ықтимал.

Астанада құбылмалы ауа райы сақталып, күн бұлтты болады. Күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды, ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, ал күндіз 2-4 градус жылы болады деп күтіледі.

Алматыда күннің екінші бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Шымкентте құбылмалы ауа райы сақталып, күн бұлтты болады. Таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гульфизат 29.10.2022
Ия елимиз аман халқымыз тыныш болсын ен бастысы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл