Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Шайн мускат" жүзіміне сараптама қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасына сәйкес, Агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық өсімдіктер карантині орталығының мамандары жүзімге карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізіп, үлгілерді зертханалық сараптамадан өткізді.
- Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы Shine Muscat жүзімінің нитрат құрамына зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша өнімдегі нитрат деңгейі 13,7 мг/кг болып, бұл рұқсат етілген шекті нормадан аспайтыны белгілі болды.