| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
4 қарашадан бастап еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде күшті қар, сондай-ақ екпінді жел, боран және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Бұл әсіресе солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі: мұнда түнде 5–13 градус аяз, күндіз 3–11 градус аяз болады.
Суық Қазақстанның оңтүстігін де айналып өтпейді. 4 қарашада күтілетін жаңбыр мен қардан кейін түнде ауа температурасы 0–13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0–5 градус жылы шамасында болады