Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
6 пайыз мөлшерлемемен қалай баспана алуға болады
Баспанаға бағыт

6 пайыз мөлшерлемемен қалай баспана алуға болады

22.05.2025
1 мин
0
918
Сурет: mastera-remonta.com

Солтүстік Қазақстан облысында 35 жасқа дейінгі жастар баспананы жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен сатып ала алады. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Агенттік мәліметінше, "Қызылжар жастары" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер 26 мамыр мен 11 маусым аралығында қабылданады.

- Бағдарлама "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдік берген құрылысы жүріп жатқан нысандарды, сондай-ақ облыс аудандары мен Петропавл қаласындағы бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығынан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Ипотека «Отбасы банк» арқылы рәсімделеді. Несие сомасының ең жоғары мөлшері — Петропавлда 15 млн теңге, аудандарда 10 млн теңге. Бастапқы жарна — 10 пайыз, ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6 пайыз. Қарызды өтеу мерзімі — 19 жылға дейін, — дейді банк филиалының директоры Нұржан Алибеков.

Бағдарламаға денсаулық сақтау, ветеринария, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар және энергетика салаларында жұмыс істейтін жас мамандар қатыса алады. Алайда техникалық және әкімшілік қызметкерлер, сондай-ақ теологтар бұл бағдарламадан тыс қалады.

- Бағдарлама талаптарына келсек, СҚО қалалары мен аудандарында тұратын 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінім беруші соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай еңбек өтіліне ие болуы тиіс. Сонымен қатар, оның және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда атына тіркелген баспана болмауы керек. Егер бірнеше қатысушы бірдей ұпай жинаса, жасы үлкен үміткерге басымдық беріледі, — дейді филиал басшысы.

СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспановтың айтуынша, алғаш рет қолға алынып отырған "Қызылжар жастары" бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады. Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйеде үміткердің әлеуметтік мәртебесі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы және кәсіби тәжірибесі ескеріледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл