Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"7-20-25" бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді?

12.11.2024
1 мин
1
834
Сурет: mastera-remonta.com

“7-20-25” бағдарламасына өзгерістер енгізілді: енді қарыз алушының соңғы 18 айда жылжымайтын мүлкі болмағаны тексеріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сондай-ақ, ипотека арқылы үй алған әскери қызметкерлер несиесін кейінге шегере алады. Ұлттық банк келесі жылы бағдарламаға 100 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа ережеге сәйкес, қарыз алушы мен оның жұбайының соңғы 18 айда өз атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Бірақ, отбасындағы әр адамға шаққанда 15 шаршы метрден аспайтын бөлме немесе апатты деп танылған баспана шектеуге жатпайды, оны жергілікті әкімдіктен анықтама арқылы растауға болады. Сондай-ақ әскери борышын өтеушілерге де жеңілдіктер қарастырылған.

- Мерзімді әскери қызметтегі қызметкерлер ипотека төлемдерін қызмет барысында, әрі қызмет аяқталған соң тағы 60 күнге дейін шегере алады. Бұл өзгерістер баспанаға мұқтаж адамдарды барынша қамтуға бағытталған, – деді ҚҰБ қаржы ұйымдарын дамыту департаментінің бас маманы Диас Қожахметов.

Тұрғын үй сарапшысы Қайрат Қожанов бұл жаңа талаптарды қолдайтынын айтты. Оның пікірінше, өзгерістер баспанаға мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді және нарықтағы бағаға әсер етпейді.

Бағдарламаның жалғыз кемшілігі – 25 миллион теңгеге дейінгі жылжымайтын мүлікті қамтитындығы. Егер үй құны 26 миллион теңге болса, айырманы өз қалтаңыздан жабуға тура келеді.

- Бұл бағдарлама 2018 жылғы жағдайға бейімделіп жасалған, сол кездегі үй бағалары мен инфляция деңгейіне негізделген, сондықтан қазір өзгерістер қажет, – деді сарапшы Қайрат Қожанов.

“7-20-25” бағдарламасы 2018 жылы іске қосылған. Азаматтарға 25 жыл мерзімге 7% жылдық мөлшерлемемен несие беріледі. Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, өткен жылдың қазан айына дейін 1 миллиард теңгеден астам несие беріліп, нәтижесінде 76 753 отбасы баспаналы болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гүлден 13.11.2024
Екінші нарықтан неге берілмейді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл