| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Үкіметке елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету міндетін жүктеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикалық бәсекелестік артықшылықтарын толық ашуға, жаңа инвестицияларды тартуға және кәсіпкерлікті ынталандыруға бағыт алды. Президенттің айтуынша, Үкіметтің негізгі міндеті – сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
- Инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайды. Бұл азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық шешімдерді жоққа шығарады. Сондықтан бюджет тек ішкі жалпы өнімнің өсуіне және халықаралық аренада Қазақстанның орнына ықпал ететін басым жобалар мен бағдарламаларға жұмсалуы тиіс, – деді Президент.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі әлі толық шешілмеген. Импортқа тәуелділіктің жоғары екені де байқалады.
Биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 триллион теңге бөлініп, бұл рекордтық көрсеткішке жетті. Еліміз өндірген өнім көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 триллион теңгеге бағаланды.