| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған инватакси қызметі енді тәулік бойы көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда инватакси қызметі 24/7 режиміне көшті. Бұған дейін қызмет тек күндіз қолжетімді болып, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға түнгі уақытта жол жүру қиынға соғатын.
Наурызбай ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде уәкілетті орган тасымалдаушы компаниялармен қосымша келісімдер жасап, қызметтің қолжетімділігін арттырды.
Қалада инватаксиді тұрақты пайдаланатын 2215-ке жуық адам бар. Енді олар түнде де қажетті жеріне қатынай алады.