Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Dauletten" қайырымдылық қоры Бауыржан Момышұлы музейінің ашылуына қолдау көрсетті

05.12.2025
мин
0
77

Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай батырдың атын ұлықтайтын жаңа музей ашылды. Салтанатты шара батырдың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл – ұлттық руханият үшін ерекше маңызы бар жоба. Бұған дейін Бауыржан атамызға арналған шағын музей Жуалы ауданында ашылған еді. Алайда батырдың есімін кең көлемде насихаттау мақсатында облыс орталығында жеке музей ашу туралы бастама көтеріліп, бүгінде ол ел игілігіне ұсынылды.

Музей ашу идеясын облыс әкімінің бас инспекторы Ұлан Айтқожа көтеріп, Жамбыл облысы әкімдігі арнайы ғимаратты дайындады. Ал «Dauletten» қайырымдылық қоры жаңа музейді заманауи құралдармен жабдықтауға және оның толыққанды жұмысына қаржылай қолдау көрсетті.



Жалпы, музейде батыр бабамыздың бет әлпетінің көшірмесі, (99 пайыз) парадқа шыққанда ұстаған қылышы (түпнұсқасы Алматыдағы орталық кітапханада) мен медальдарының көшірмесі қойылған. Сонай-ақ қолданған заттары, жұмыс үстелі, кітаптары бар.

Айта кетейік, «Dauletten» қорының «Жаңартылған жарқын мекен» бағыты аясында әлеуметтік маңызы бар нысандарды жаңғыртып, оларды жаңа деңгейге көтеру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қор бұл бастама арқылы ел руханиятын жаңғыртуға, қоғамға қызмет ететін маңызды мәдени нысандардың дамуына серпін беруді мақсат етеді.

Жаңа музей ұлттық тарихымыздың қадірлі тұлғасына деген құрметтің нақты көрінісі болып, келушілерге батырдың өмірі мен ерлігін тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.




Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл