Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазгидромет» синоптиктері 7 тамызда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын мен бұршақ жауатынын ескертті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда найзағай. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады.
Шымкентте таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл болады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде +38 - +41 градус қатты ыстық сақталады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады.