Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Kaspi Bank-тің Павлодар қаласындағы бөлімшесінде несие беру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген Руслан Сексембаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол банктің 97 клиентін алдап, жүздеген миллионды өз қалтасына басқан.
Еске сала кетейік, банктің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев алаяқтық жасағаны үшін айыпталып, қашып кеткен. Kaspi Bank қылмыскерді іздестіру мақсатында ол жайлы хабарлаған адамға 10 млн теңге сыйақы тағайындаған болатын.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, қылмыскер Екібастұз қаласында ұсталды. Ол банкке келген азаматтарды жеке кабинетінде қабылдап, баспана мен көліктерді төмен бағада ұсынып, олардың ақшасын өз шотында сақтаған. Сот нәтижесі бойынша, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, 97 адам оның қылмысын растады.
Тағы көру