Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
8 қаңтарда Алматыдан Анталияға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының KC915 рейсі Ақтау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Эйр Астана әуе компаниясының мәліметінше, Airbus A321 ұшағы Алматыдан сағат 08:35-те ұшып, бірақ орталық бактың жанармай жүйесінің қорғаныс клапанында ақау анықталды. Осыған байланысты экипаж ұшақты Ақтау әуежайына қондыруға шешім қабылдады.
Рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді. 9 қаңтарда сағат 09:20-ға ауыстырылған рейс үшін жолаушыларға тамақтану және қонақ үйде тұру қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Антальяда рейсін күтіп отырған жолаушылар үшін де осындай шаралар қабылданды.
Ақтау әуежайының баспасөз қызметі бұл жағдайды растап, техникалық себептерге байланысты ұшақтың қонуын түсіндірді. Бірақ қосымша мәліметтер берілмеді.