467.41
533.88
6.14
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сайлау қарсаңында сауалнама жүргізуге рұқсат алған ұйымдар белгілі болды
Жаңалықтар

Сайлау қарсаңында сауалнама жүргізуге рұқсат алған ұйымдар белгілі болды

09.07.2026
мин
0
113

Орталық сайлау комиссиясына сайлауға байланысты қоғамдық пікірге зерттеу жүргізетін бес ұйымнан хабарлама келіп түсті. Бұл ұйымдардың барлығы заң талаптарына сәйкес қажетті құжаттарын ұсынып, сауалнама өткізу туралы мәлімет берген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сауалнама жүргізетін ұйымдардың қатарында «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС, «DATAMETRICS» ЖШС, «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі, «Институт комплексных социальных исследований – Астана» жеке қоры және «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ бар.

Аталған ұйымдар қоғамдық пікірді зерттеу барысында бетпе-бет сұхбат, телефон және онлайн сауалнама, фокус-топ талқылауы, сараптамалық және жедел сауалнама, сондай-ақ exit poll сияқты түрлі зерттеу тәсілдерін қолданады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн платформалар сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде зерттеуді жүргізген ұйымның атауын, тапсырыс берушіні, зерттеу өткізілген уақытты, қолданылған әдісті, қойылған сұрақтың нақты мәтінін, респонденттер санын және ықтимал қателік деңгейін көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ сайлау алдындағы соңғы бес күн ішінде және дауыс беру күні қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижелерін немесе сайлау қорытындысына қатысты болжамдарды жариялауға жол берілмейді. Бұдан бөлек, дауыс беру учаскелерінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл