Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әкімдік қызметкері алаяқтыққа оқталғаны үшін сотталды
Жаңалықтар

Әкімдік қызметкері алаяқтыққа оқталғаны үшін сотталды

21.10.2024
1 мин
0
61
Сурет: zakon.kz

Ақмола облысы, Біржан сал ауданының соты аудан әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық жасауға оқталды деген айыппен қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әкімдік қызметкері шаруашылық басқарушысынан 2 миллион теңге талап еткен. Бұл ақшаға шенеунік зиян сомасын өндіру үшін сотқа талап арыз бермеймін деп уәде еткен.

- Сот Б.-ның талап арыз беру құқығы мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жоқ екенін анықтады. Бұдан бөлек, сот бұған дейін зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан, бұл туралы оған белгілі болған. Осылайша, сотталушы қызмет бабын пайдалана отырып, жәбірленушіні адастырды, – делінген хабарламада.

1 миллион теңге алған кезінде шенеунік ұсталды. Іс прокурор мен сотталушы арасындағы кінәні мойындау туралы процессуалдық келісіммен сотқа түскен.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының шын жүректен өкінуін және үш кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін жағдай ретінде есепке алды. Ал қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасау ант бұзушылық деп танылып, ауырлататын жағдай ретінде ескерілді.

Сот шенеунікті 15 миллион теңге айыппұл төлеуге және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айыруға үкім шығарды.

- Заңнаманы және қылмыстық жазаланатын әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкімді жариялау ауылдық округ әкімдері мен Біржан сал ауданы әкім аппаратының бөлім басшыларының қатысуымен өтті, – деп толықтырды сот.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл