Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғады.
"Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады.
22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.
23 қарашада шығыста қалың қар жауады.