Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер 17-19 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейіп, шаңды дауыл да соғады.
Болжам бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағына Қара теңіз аймағынан келетін циклон еліміздің ауа райын анықтайды.
Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанды: 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.«Қазгидромет» РМК