485.4
550.69
6.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жалған психологтардың дәурені бітті – Аймағамбетов
Жаңалықтар

Жалған психологтардың дәурені бітті – Аймағамбетов

25.06.2026
мин
0
63
Сурет: Ғаламтордан

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Психологиялық қызмет туралы» заң Сенатта мақұлданып, Президенттің қол қоюына жіберілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа құжат жалған психологтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында «Психологиялық қызмет туралы» заңның Сенаттан өткенін хабарлады. Депутаттың сөзінше, құжат азаматтарды біліктілігі жоқ мамандардан қорғауды және психологиялық қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді.

Заңға сәйкес, енді жоғары білімі жоқ және мемлекеттік тізілімге тіркелмеген адамдар өзін психолог ретінде таныстыра алмайды. Әрбір азамат маманның ресми реестрде бар-жоғын тексеруге мүмкіндік алады. Ал тізілімге енбеген тұлғалардың психологиялық қызмет көрсетуіне жол берілмейді.

Сондай-ақ кәсіби білімі жоқ адамдарға жарнамаларында «психолог», «психо-коуч», «психо-кеңесші» секілді атауларды қолдануға тыйым салынады. Бұл норма халықты жаңылыстыратын жалған мамандардың қызметін шектеуге бағытталған.

Жаңа заң әлеуметтік желілердегі жарнамаға да талап қояды. Психологтер өздерінің кәсіби білімі мен мемлекеттік тізілімдегі нөмірін көрсетуге міндеттеледі. Ал нақты нәтиже уәде етіп немесе азаматтарды адастыратын жарнамалар үшін жауапкершілік қарастырылған.

Құжатта психологтердің құзыреті де нақты айқындалған. Олар медициналық диагноз қойып, дәрі-дәрмек тағайындай алмайды. Егер клиенттің жағдайы арнайы медициналық көмекті қажет етсе, психолог оны психиатр дәрігерге жіберуге міндетті болады.

Бұдан бөлек, психолог пен клиент арасындағы әңгіме құпия болып саналады. Азаматтың жазбаша келісімінсіз оның жеке мәліметтерін жариялауға, сондай-ақ аудио немесе бейнежазба жасауға тыйым салынады.

Аймағамбетовтің айтуынша, заңның басты мақсаты – психологиялық көмек көрсету саласында қауіпсіз әрі кәсіби жүйе қалыптастыру.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл