Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында жалған купюраларды сатумен айналысқандар ұсталды. Бұл туралы ҚМА мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылды. Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісі анықтады. Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың евро өткізген деп күдіктелуде. Күдіктілер бәс тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған. Жалған ақшаны сатушыға қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 мың теңге сомасына 141, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 мың еуроға 4 купюра, мың юань сомасына 10 купюра, -деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады. Жалпы, осы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.