Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының полицейлері "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде мемлекетке 28 миллион теңгеден астам қарызы бар адамды ұстады.
Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде борышкерлерден жалпы сомасы 8 миллион 861 мың теңгеге 680 айыппұл өндіріліп алынды.
"Жол қозғалысы саласында әкімшілік айыппұл бойынша елеулі қарызы бар 13 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылды", - деп жазды Polisia.kz.
Талдықорған қаласында жалпы сомасы 28 миллион 568 мың теңге көлемінде салық және әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар Газель жүргізушісі ұсталды. Оның автокөлігі мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған тұрағына орналастырылды.
Бұдан бөлек, борышкерлерді аулаларды аралау арқылы анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.