Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылды
Жаңалықтар

Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылды

14.06.2023
1 мин
0
1162

Арулап жерленіп, ардақтап көмілмегендер жер бетіне қайта шықты. 1,5 метр тереңдіктен табылған сүйектердің барлығы репрессия жылдарында жазықсыз оққа ұшқандарға тиесілі. Аумақта тек адам сүйегі емес, ату жазасына кесілгендердің жеке құралдары да анықталып жатқан көрінеді. Бұл туралы Алматы телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылында адам сүйектері бұған дейін де бірнеше мәрте табылған еді. Көбіне су тартып, құбыр жүргізгенде шығатын тарихи материалдар биыл бірінші рет қана мемлекеттік жоба аясында зерттеліп отыр. Ал 14 күннің ішінде 15 шақты адамның денесі шыққан ауылда археологтар әлі де 4 мыңнан аса сүйек жатуы мүмкін дейді.

Сүйектерден бөлек, алтын тіс, түймелер, киім мен аяқ киім бөліктерін де көзбен көріп, қолмен ұстадық. Табылған жәдігердің көбі жақсы сақталыпты. Тек адам сүйектері бір кезде көшеде жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде бүлінгендіктен, көбіне шашырап кеткен.

Бұл басылым бөлігі 1934-54 жылдары шыққан «Сталин жолы» газетіне тиесілі екен. Қаріп танып, газет оқығанына қарап, тарихшылар бұл маңда білімдар адамдардың атылуы мүмкін дейді. Басқа деректер де осы болжамға әкеп тіреп тұр.

«Криминалистік, соттық-антропологиялық талдау секілді ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады. Ал үшінші кезеңде осы табылған сүйек қалдықтарына ДНҚ анализін жасауға Алматыдағы генетика институты мен Вильнюс қаласындағы генетика институты атсалысады», – деді Тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.

Табылған материалдардың ішінде әйел адамға тиесілі заттар да бар. Ал денелердің көбі 1,5 метрден-ақ жер бетіне шығып жатқан көрінеді. Соған қарағанда, адамдарды арнайылап жерлемеген, тек атқан соң көме салған деген болжам бар.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл