Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында жүргізуші төрт адамды қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынды, жаяу жүргіншілердің бірі қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысында жүргізуші төрт адамды қағып, оқиға орнынан жасырынғаны туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні Есікте, Алтын адам аллеясы көшесінде болған. Көлік астына төрт адам түскен. ЖКО орнынан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Бүгін, 15 қараша күні таңертең ол қайтыс болды.
- Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол BMW-320I көлігін басқарған және уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді ведомство.