Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда жалған долларды бірнеше рет сатқан 2 тұрғынға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оларды бақылау сатып алу кезінде ұстады, деп хабарлады ҚР АФМ. Сот екеуін де кінәлі деп тауып, 5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
ҚМА жыл басынан бері Қазақстан аумағында 1 060 жалған банкнотты айналымнан шығарды.
Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемде жалған 100 долларды сату фактісін анықтады. Күдіктілер жалған купюраларды өткізу кезінде ұсталды.
2 алматылық криптовалюта сатып аламыз деген желеумен жалған долларды бірнеше рет сатқан. Жалған ақшаның жалпы сомасы – 32 700 доллар.
Айта кетейік, жыл басынан бері агенттік Қазақстанда айналымнан 1060 жалған банкнот тәркіледі. Оның ішінде:
Сондай-ақ биыл жалған купюраны жасап сатқаны үшін сегіз адам 5 жылдан 6 жылға дейін сотталды.
ҚМА қазақстандықтарға валюта айырбастау кезінде сақ болу керегін ескертеді.