Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда “Amir Capital” қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүргізілуде
Жаңалықтар

Алматыда “Amir Capital” қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүргізілуде

25.09.2025
1 мин
0
260
Сурет: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Amir Capital" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған компания үш жыл бойы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтарын тартқан. Ұйымдастырушылар криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы ай сайын 5–10 пайыз көлемінде табыс табуды уәде еткен.

Инвесторлар ресми сайттағы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, жеке кабинеттерін USDT, BTC және ETH секілді криптовалюталармен толықтырған. Түскен қаржы пирамида принципімен бөлініп отырған – яғни, бұрынғы салымшыларға төлемдер кейінгі қатысушылардың қаражаты есебінен жасалған.

Қазіргі деректер бойынша, 40-тан астам адам аталған пирамидаға қаржы салған. 2021 жылдың соңында салымшылар қаражатын шығара алмай қалған. Ұйымдастырушылар мұны техникалық ақаумен түсіндіргенімен, төлемдер қайта басталмаған.

Сот санкциясымен құны 10 миллион АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімі бұғатталды. Күдіктілердің бірі екі айға қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Агенттік ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметті жариялауға болмайтынын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл