Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 149 адам қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде құқық қорғау органдарының 11 қызметкері қаза тапты, бейбіт тұрғындар ішінде 149 адам қаза болды", - деді Таймерденов ОКҚ-дағы брифингте.
Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Қазақстанда 4578 адам зардап шеккенін, оның 4353-і жарақат алғанын, оның ішінде құқық қорғау органдарының 3393 қызметкері барын айтқан болатын.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.