Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда бірқатар “әмбебап” алаяқтық жасады деп күдікке ілінген әйел ұсталды. 41 жастағы әйелге қатысты полицияға 10 адам шағым түсірген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Жәбірленушілердің айтуынша, біреулерге ол мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға көмек ұсынса, басқаларға грантқа оқуға түсуге жәрдемдесемін деген. Әр жолы ол қызметінің құнын жүз мыңдаған теңгеге бағалаған. Алайда өз уәделерін орындамаған. Күдіктіге қатысты тергеу ісін қараған ауданаралық тергеу соты қамауға алу шарасын қолданды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазір тергеу барысында ұсталған әйелдің осындай басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деп хабарлады Алмалы ауданы Полиция басқармасының бастығы Ұланбек Абулхайыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат таратылмайды.