Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматының Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады
Жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады

25.06.2025
мин
0
379
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөзінен

Алматының Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алатау ауданы – қаладағы ең жылдам дамып келе жатқан ауданның бірі. Қазір мұнда құрылыс қарқыны еселеп өскен. Әсіресе салынып жатқан мектептің көптігі бірден көзге түседі. Өңірлік коммуникациялар орталығында Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев осылай деді.

Қазір аудандағы 31 мемлекеттік, 12 жеке меншік мектепте 61 095 оқушы білім алып жатыр. Олардың 57 814-і мемлекеттік мектепке, 3 281-і жеке меншік мектепке барыпты. Дегенмен, тұрғындардың саны өскендіктен мектепке сұраныс артып, биыл шамамен 6 мың орын жетіңкіремей тұрғанын айтады. Алатау ауданы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының аясында осы мәселені шешіп, енді 13 250 оқушыға арналған сегіз мектеп салмақ.

Самғау, Теректі, Қарасу аудандарында екі мың орындық үш мектеп салынып бітті. Ақбұлақ ықшамауданында 1500 орындық тағы бір мектеп бітуге шақ тұр. Алдағы қыркүйекте Айгерім ықшамауданында екі мың орындық жаңа білім ордасы пайдалануға берілмек. Алғабас пен Ғажайып ықшамауданында да екі мектептің құрылысы басталған, оларды 2026 жылы қолданысқа бермек болып отыр. Бұдан бөлек, Зерделі ықшамауданында да 2026 жылы ашылатын 550 орындық екі мектеп тағы салынып жатыр.

- Білім беретін мекемелерден бөлек, кәсіби және қосымша білім беруге де көңіл бөліп отыр әкімдік. Мәселен, Алғабас ауданында 720 орындық Инновациялық техникалық колледж салына бастады. 7,4 млрд теңге кететін бұл жаңа нысанға 2026 жылдың қаңтар айында кіре бастамақ. Саялы ықшамауданында Инновациялық шығармашылық орталық ірге көтереді. Бұл нысан келер жылы қолданысқа беріліп, балалар мен жасөспірімдерді қосымша оқытатын үлкен орталыққа айналады", - деді Талғат Малыбаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл