Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Антарктида мұздығы қатты еріп барады. Ғалымдар биыл рекордты көрсеткіш тіркелгенін айтты деп хабарлайды Dauletten.kz.
Антарктида ғылыми зерттеу институты мамандары биыл мұздықтың рекордтық көрсеткіште ерігенін мәлімдеді. Желтоқсан-апқан айларындағы жұмыстар нәтижесінде Антарктидадағы мұз жамылғысының жалпы ауданы 1,8 миллион шаршы метрді құраған. Бұл ғалымдарды қатты алаңдатып отыр. Себебі жылда осы уақытта мұздық аумағы кемі 3 миллион шаршы метр төңірегінде қататын.
Мамандар мұздықтардың бұлайша көз ілеспес жылдамдықта еруіне жылу әсер етіп жатқанын хабарлады. Соңғы уақытта жер бетіндегі ауа температурасы өзгеріп барады. Салдарынан мұздықтар еріп, су мөлшері артуда.
Былтырғы зерттеу жұмыстары нәтижесінде Антарктида аумағы мұздықтардың еріп кетуі салдарынан 93 мың шаршы метрге қысқарыпты.
фото: rgo.ru