Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржы: 2025 жылы 746 млрд теңге қолдау ретінде төленді
Жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржы: 2025 жылы 746 млрд теңге қолдау ретінде төленді

27.01.2026
мин
0
135
Сурет: Gov.kz

2025 жылы 746 млрд теңге мүгедектер мен асыраушысынан айырылған отбасыларға берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі аясында қомақты қаржы игерілді. Мемлекеттік бюджет есебінен мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 655,7 млрд теңге бағытталды. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға 90 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлем жүзеге асырылды.

Ресми деректерге сәйкес, жыл ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алған азаматтардың саны 553 мыңнан асты. Ал асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік қолдау 190 мыңнан астам адамға көрсетілді.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері алушылардың санатына, еңбек өтіліне, аударылған әлеуметтік жарналарға, сондай-ақ ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі. Бұл төлемдер бюджеттен берілетін жәрдемақыларды толықтыратын қосымша қолдау шарасы ретінде қарастырылған.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға ұлғайтылды. Бұл шешім әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл