| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Отбасы банк салымшылары 2026 жылғы мемлекеттік сыйақыны 1 наурызға дейін алады. Жылдық ең жоғары төлем 173 000 теңгеге дейін жетеді, бірақ оны алу үшін депозитті жыл бойы толықтыру қажет, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Отбасы банк хабарлауынша, мемлекеттік сыйақы «Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңға сәйкес есептеледі және барлық салымшыларға бір мезгілде аударылады. 2025 жылы ең жоғары сыйақы 157 280 теңге болып, оны алу үшін жылдық депозит кемінде 200 АЕК (786 400 теңге) көлемінде толықтырылған болуы керек еді.
2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңгеге жеткендіктен, сыйақының ең жоғары сомасы 173 000 теңгеге дейін өседі. Бұл қаражат салымшыларға 2027 жылдың көктемінде беріледі, және оны алу үшін 2026 жыл бойы депозитті кемінде 865 000 теңгеге толықтыру қажет.
Егер депозит бойынша жыл ішінде толықтырулар болмаған немесе бұрынғы мемлекеттік сыйақы есептелген болса, төлем қайтадан берілмейді. Сонымен қатар, бір салымшының бірнеше депозиті болса да, сыйақы тек бір депозитке есептеледі. Сондықтан әр отбасы мүшесінің атына жеке депозит ашу тиімді, сол кезде әрқайсысы мемлекеттік сыйақы алады.
Жуырда Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін маңызды шешім қабылдады: енді кезекте тұрған адам тұрғын үйде үлесі бар болса да, жеңілдетілген ипотека рәсімдей алады немесе жалдамалы тұрғын үй ала алады, және кезектен шығарылмайды.