| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына қатысты алаңдаушылық білдіріп, фастфуд пен энергетикалық сусындардың таралуын шектеу жөнінде тапсырма берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің тамақтану сапасы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, қазіргі таңда көптеген балалар фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуес болып, бұл жағдай олардың денсаулығына қауіп төндіруде.
- Балалардың ішіп-жейтін тамағы – аса маңызды мәселе. Өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбі фастфуд пен энергетикалық сусындарға құмар. Кейбір жағдайларда бұл тәуелділікке айналып барады. Осы қауіпке қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер, — деді Олжас Бектенов.
Осыған байланысты Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарында «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балалардың сауықтырылуына, қауіпсіздігіне және тамақтану сапасына қатысты жүргізіледі.