| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді азаматтар баспанаға арналған депозитті тек «Отбасы банкінде» емес, өзге коммерциялық банктерде де аша алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат алды. Осылайша, азаматтар енді тұрғын үйге жинақ депозитін тек «Отбасы банкінде» ғана емес, еліміздегі 22 коммерциялық банктің бірінен ашуға мүмкіндік алды. Бұл өзгеріс нарықта бәсекелестікті арттырып, азаматтарға таңдау еркіндігін береді.
Алайда мемлекеттік сыйлықақы мәселесі өзгермейді. 20%-дық премия тек «Отбасы банкінің» салымшыларына беріледі. Қазіргі таңда банк жыл сайын ең көбі 200 АЕК, 2025 жылы бұл сома 157 280 теңге болады.
Басқа банктерде ашылған тұрғын үй депозиттеріне мемлекет тарапынан сыйлықақы төленбейді, бірақ депозит ашу еркіндігі мен жинақ жүргізудің ыңғайлылығы артқан.