Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Aqyl Battle туралы алғаш Dauletten-ге айттым – Айболат Құлатай
Жобалар

Aqyl Battle туралы алғаш Dauletten-ге айттым – Айболат Құлатай

20.01.2023
1 мин
0
1612

Бүгінгі таңда адамдар кез-келген керекті затын интернеттен табатын болған. Кітаптың электронды нұсқасы немесе түрлі ойындар да баршылық. Қоғамда баланың телефонға телміруі үлкен дертке айналғанын жақсы білеміз. Десек те, уақытын пайдалы дүниеге жұмсайтын жастардың саны артуда.

 Оған себеп ретінде телефон арқылы ойнайтын интелектуалды ойындарды айтуға болады. Негізінен мұндай ойындар жетіп артылады. Ал қазақ тілінде шығарылған, қазақ азаматы ойлап тапқан ойындардың саны аз. Даналыққа жетелейтін сондай ойынның бірін Айболат Құлатай есімді азамат ойлап тапты. Ойынның аты - Aqyl Battle.

Қазір App Store мен Play Market-те білімді шыңдайтын ойындардың түр-түрі бар. Aqyl Battle екі айдың ішінде қазақша викторинаны 400 мың қолданушы 14 миллион рет ойнапты.

Бұрын дәл осындайды қатарластарымен жарыса ойнағанын еске алған Айболат, жобаны алғаш болып белгілі блогер Dauletten-ге таныстырған.

«Студенттік кезде «Борьба Умов» ойыны кеңінен таралып, көптің сұранысына ие болды. Ол жобаны барлығы ресейлік мамандар жасады деп ойлады. Бірақ «Борьба Умовты» Швецияның бір ауылынан шыққан жігіттер ойлап тапқан еді. Кейін жоба әртүрлі атпен мемлекеттердің нарығына кіре бастайды. ТМД нарығына «Борьба Умов» атауымен танымал болды. Студент кезімізде осы ойынды ұстаздарымызбен жарысып ойнайтынбыз. Ал пандемия кезінде quiz planet атты жобаны достарыма таратып, жарысып ойнап жүрдік. Сөйтіп, мен Aqyl Battle бағдарламасын жасап шығамын деп шешім қабылдадым. Жоба жайлы алғаш Дәулет Төлеутайұлына айттым. Ол кісі бірден қолдау көрсетті»,– дейді Айболат.

Аталмыш жобаны идеология ретінде қарастыруға болады. Ондағы сұрақтар тарихтан бастап түрлі тақырып төңірегінде болады. Мысалы, ұмыт болған салт-дәстүрлер, ағылшын тілін меңгеру, қаржылық сауатты арттырып, алғашқы медициналық көмек туралы да білуге болады.

Қазақ тілді жоба интернетте бірқатар танымал ойындарды артта қалдырып, рейтингте бірінші орынға да шыққан.

«Бастапқы ойымыз қазақша викториналық ойын жасау болды. Ойлағанымыз іске асты. Алдағы уақытта қазақша контент те, оны тұтынатын аудитория да өсе береді. Бұл дегеніміз, қазақша IT жобаларға да сұраныс артатынын көрсетеді. Біз осыны ескере отырып Aqyl Battle-ды жасадық. Нәтижесі де біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Garena, Durak, Roblox сынды ойындарды артта қалдырып, Қазақстанда ең көп жүктелген ойындар қатарында App Store мен Play Market-те бірінші орында тұрмыз», – деді IT маманы Айболат Құлатай.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл