Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерге шақыртылған 4 мың қазақстандықтың 1.5 млрд теңге несиелері болған
Жаңалықтар

Әскерге шақыртылған 4 мың қазақстандықтың 1.5 млрд теңге несиелері болған

11.01.2024
1 мин
0
588
Фото: gov.kz

Әскерге шақырылған 4 мың сарбаздың банк алдындағы 1,5 млрд теңге берешегі болған. Былтыр 37 мың адамның 16 мыңнан астамы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына жіберілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырған.

«Қорғаныс министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдар қолдаған әлеуметтік бастамаларының қатарында кредиттік демалыстар, мерзімді әскери қызметін өткергендерге білім алу жеңілдіктерін беру және сарбаздарды жұмысшы мамандықтарына оқыту секілді маңызды мәселелер бар. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге сомасындағы несиелері кейінге қалдырылды. Өткен жылы мерзімді қызметін өтеген 615 адам ҰБТ тапсырмай, азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсті.  Оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында сұранысқа ие 15 әскери-есептік мамандық бойынша 1195 әскери қызметші дайындалды», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мемлекет есебінен заттай мүлікпен, тамақпен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі. Қызмет көрсету кезеңінде мерзімді сарбаздар медициналық қызметтің толық спектрін алуға құқылы. Жалпы әскери жарғыларда айқындалған тәртіппен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге көтермелеу ретінде қысқа мерзімді демалыс беріліп, жол шығындары мемлекет есебінен төленеді.

Әскери қызмет мерзімі өткеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатылған кезде олар бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын алады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жәрдемақымен қамтамасыз етіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл