Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскери қызметші жанып жатқан көліктен адамды аман алып шықты
Жаңалықтар

Әскери қызметші жанып жатқан көліктен адамды аман алып шықты

05.12.2023
1 мин
0
224
Фото: әлеуметтік желіден

Астанадағы Темірбек Жүргенов көшесінде тұрған көліктің жүргізушісі аға сержант Мейрамбек Ысқақовтың батыл әрекетінің нәтижесінде аман қалды, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

2023 жылдың үшінші желтоқсанында кешкі уақытта Мейрамбек Ысқақов дүкенге шыққан. Жанып жатқан автокөлікті көрген әскери қызметші оқиға туралы елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына шұғыл хабарлайды. 

Дереу қимылдаған әскери қызметші жанып жатқан көліктің ішінде адам бар екенін аңғарып, оны қауіпсіз жерге алып шыққан.

Есінен танып қалған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен Мейрамбек азаматты жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады.  Жүргізуші №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Айта кету керек, әскери қызметшінің әрекетіне өтіп бара жатқан қала тұрғыны да ат салысқан.

Мейрамбектің батыл әрекеті туралы хабарлама көптеген ақпараттық ресурстарға тез таралып үлгерді. Мейрамбек Ысқақов –  взвод сержанты, әскери бөлімнің жауынгерлік және дене шынықтыру нұсқаушысы. Бүгінде жұбайы екеуі Самира және Лунара есімді қыздар тәрбиелеп отыр.

Басшылық әскери қызметшіні марапатқа ұсынды.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл