Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Астана” халықаралық қаржы орталығы экономикаға қалай екпін береді?
Маман пікірі

“Астана” халықаралық қаржы орталығы экономикаға қалай екпін береді?

22.05.2020
4 мин
0
2977

«Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы идеяны алғаш рет 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Содан бергі 5 жылда қаржы орталығы қалыптасып, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД және Орта Азия елдері арасында әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істейтін жалғыз орталық ретінде жұмыс істеуде.

АХҚО ресми 2018 жылы ашылып, қазіргі таңда әлемдегі ең үздік стандарттарға сәйкес барлық инфрақұрылым мен құқықтық база құрылды. Халықаралық стандарттарға сай, қаржы орталығының органдары мен ұйымдары құрылды. Атап айтар болсақ, олар: Әкімшілік, Қаржы қызметтерін реттеу комитеті, АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталық, AIX (Astana International Exchange) биржасы, Қаржы технология хабы, Жасыл қаржы орталығы, Экспат орталық, Үздіксіз кәсіби даму бюросы және т.б.

Қазіргі таңда қаржы орталығында қаржылық және өзге де қызметтер ұсынатын 460 компания тіркелген. Олар банк ісі, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, несие рейтингтерін беру қызметтерімен айналысады. Атап айтар болсақ, China Construction Bank, Altyn Bank, Венгер Экспорт-Импорт банкі, Қытай Даму банкі секілді банктер, Citic Securities, Wood & Co, Renaissance Capital, Halyk Finance секілді брокерлер мен Blackfort Capital, Clarus Group секілді активтерді басқару компаниялары бар.

Құқықтық базаның артықшылықтары

Қаржы орталығының құқықтық негізі ретінде әлемдік қаржы орталықтарының тәжірибесіне сүйене отырып ағылшын заңнамасы таңдалды. Бұл заңнама халықаралық ірі компаниялар мен осы саладағы ұйымдар тарапынан мойындалған ең үздік жүйе.

Ол үшін сонау 2015 жылы ҚР Конституциясына арнайы өзгеріс енгізіліп, АХҚО-ның ерекше мәртебесі бекітіліп, АХҚО туралы Конституциялық заң қабылданды. Онда салықтық, визалық және еңбек шарттары бойынша бірқатар жеңілдіктер берілген. Бүгінге дейін қаржы орталығы аясында Англия мен Уэльстің негізгі принциптері, нормалары мен прецеденттік құқықтарына негізделген АХҚО-ның 70-тен астам актілері қабылданды. АХҚО жұмысы осы құжаттар арқылы реттеледі. 

Жалпы, АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасы әлемдік үздік талаптарға сай және халықаралық ірі инвесторлар мен компаниялардың осы қаржы орталығында еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік ұсынады.

АХҚО Соты мен Төрелік орталық

АХҚО Соты Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД мен Орта Азия елдерінде алғаш рет Ағылшын мен Уэльстің нормалары мен принциптеріне негізделген құқықтық жүйеге сүйенеді. АХҚО Соты қылмыстық және әкімшілік істерді қарамайды. Мұнда тек қана АХҚО органдары мен олардың қатысушыларының, шетелдік жұмыскерлердің арасындағы және АХҚО заңнамасына бағынышты операциялар мен тараптардың келісімімен АХҚО Сотына берілген азаматтық және коммерциялық даулар ғана қаралады.

Халықаралық төрелік орталық сот істеріне тәуелсіз, үнемді және жедел балама ұсынады. Төрелік орталық тараптарға барынша икемді ережелер мен процедуралар ұсынады. Төрелік шешімдер 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына сай халықаралық деңгейде орындалуы керек.

Жалпы, АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан тәуелсіз. Бұл тұрғыда, шетелдік компаниялар АХҚО-дағы жұмыс барысында мемлекеттік органдармен дауласатын болса, АХҚО Соты мен Төрелік орталық екі жаққа да бірдей қарап, әділ шешім қабылдай алады.

AIX биржасының әлеуеті

AIX (Astana International Exchange) биржасының қазіргі кезеңдегі мақсаты – компаниялардың бағалы қағаздарын листингтеу және олардың өсуі үшін капитал тарту. Соңғы екі жыл ішінде биржа айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Жоғары технологиялы және сапалы заңнаманың арқасында қазақстандық бизнеске осы уақыт аралығында 217 млн доллардан артық капитал тартылды.

АІХ-тің сауда мүшелерінің қатарында дамушы нарықтардағы Wood & Co жетекші инвестициялық банкі, фронтирлік және дамушы нарықтардағы жетекші тәуелсіз инвестициялық компаниялардың бірі саналатын «Ренессанс Капитал», ҚХР-дың ірі брокері CITICS, бүкіл Қазақстан бойынша бөлшек сауда инвесторларының көлемді қорына қолжетімдігі бар «Қазпошта» АҚ, сонымен қатар Freedom Finance және Halyk Finance бөлшек сауда инвесторларымен жұмыс істеуге маманданған қазақстандық инвесторларды қоса, 20-дан аса брокер бар.

Сонымен қатар, АІХ-те акцияларды, биржа қорлары мен ноталарды қоса алғанда 50-ден аса бағалы қағаз листингтен өтті.

2019 жылы Биржа $217 млн-ға жуық акционерлік капитал тартты – бұл Қазақстандағы қор нарығында соңғы үш жыл ішінде тартылған қаражаттан бірнеше есе көп. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Halyk Bank, Polymetal, Ferro Alloy, Кселл сияқты ірі эмитенттердің акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын табысты орналастыру жүзеге асырылды.

Бұдан басқа, қазақстандық инвесторларға таныстығы аз қаржылық өнімдер – 2 биржа қоры (ETF) мен қазақстандық қор нарығында алғаш рет 5 биржа нотасы (ETN) табысты орналастырылды.

АХҚО бизнеске қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Жалпы, АХҚО-ның өз қатысушыларына ұсынатын мүмкіндіктерін былайша жіктеуге болады?

  1. Сенімді және тәуелсіз сот жүйесі: АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталық. Айта кетерлігі, АХҚО Соты мен Төрелік орталық Орта Азия елдерінде алғаш болып электронды сот жүйесі - eJustice енгізді.
  2. Astana International Exchange (AIX) биржасы. Аз уақыттың ішінде сала мамандарының оң бағасын алып үлгерген сауда алаңының құрылтайшысы америкалық NASDAQ, Goldman Sachs, Жібек Жолы қоры мен Шанхай қор биржасы.
  3. Жеңілдетілген режим - АХҚО қатысушылары 2066 жылдың 1 қаңтарына дейін ЖТС (жеке табыс салығы), КТС (корпоративті табыс салығы) секілді салық түрлерінен босатылады.
  4. Жеңілдетілген визалық және еңбек режимі - АХҚО-ның шетелдік жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелеріне 5 жылға дейін виза беріледі. 45 елдің азаматтары 30 күнге дейін визадан босатылады. Сонымен қатар, АХҚО қатысушылары шетелдік жұмыс күшін тартқанда жұмыс істеуге рұқсат алуға міндеттелмейді.  
  5. АХҚО жанынан құрылған Экспат орталық шетелдік жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің құжат рәсімдеуінен бастап балаларын балабақшаға орналастыруға дейінгі барлық көмектерін ұсынады.
  6. АХҚО қатысушылары орталықтың барлық операциялық қолдауларын және инфрақұрылымын пайдалана алады. Атап айтқанда, АХҚО-да 30 түрлі қаржылық және нарықтық қызмет пен 5 түрлі көмекші қызмет бар.

Пандемия кезінде экономиканы қолдаудың жаңа тетіктері

Жоғарыда аталған eJustice - электронды сот жүйесінің әсіресе қазіргі COVID-19 пандемиясының тарауы кезінде өзектілігі арта түсті. АХҚО органдары мен ұйымдары әлем экономикасы тұралаған қазіргі кезде экономиканы қалпына келтіру мен қайта дамыту үшін түрлі құралдар ұсынады.

Мәселен, АХҚО-ның Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) қатысушы компанияларды төтенше жағдайда қолдау мақсатында есеп беру мерзімін төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнге созды. Бұл нарыққа қатысушы компанияларға осы күрделі кезеңде тұтынушыларды қолдау мен өз қызметін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, AFSA қалыпты режимдегі жұмысын жалғастырды.

АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы да бизнеске дау-дамайды шешудің сенімді онлайн қызметі қажеттігін ескеріп, СOVID-19 пандемия кезінде сот төрелігіне онлайн қол жетімділікті қамтамасыз етті.

Өз кезегінде АІХ биржасы карантин кезінде сауда платформасының әдеттегі сағаттарда жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, қызметкерлердің денсаулығы үшін тәуекелдерді барынша азайту және сауда жүйесінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылдады.

Короновирус пандемиясы әлем бойынша күн санап артып келе жатқан цифрландыру үрдістеріне одан сайын қарқын бергенін байқадық. Сала мамандары да пандемиядан кейінгі кезеңде цифрландыру деңгейінің қарқынды өсіп, көптеген сала осы бағытта айтарлықтай өзгеретінін болжайды. Осы орайда, АХҚО-да қатысушылардың денсаулықтарын сақтау мақсатында жыл сайынғы дәстүрлі Astana Finance Days конференциясын онлайн өткізуді ұйғарды. Алдымыздағы шілдеде қаржылық форум Astana Finance Days цифрлыкформатта өтеді. Онда экономика, қаржы әлеміндегі белгілі сарапшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Бауыржан Мұқанов

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл