Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада өрт: оқиға орнына қосымша техника жіберілді
Жаңалықтар

Астанада өрт: оқиға орнына қосымша техника жіберілді

19.06.2023
2 мин
0
503

Астанада өрттің иісі күшейе түсті. Өрт сөндірушілер өрт орнына қосымша техника мен адамдарды жіберді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Таңертең өрттің иісі тек «Хан Шатыр» СОО маңында сезілсе, қазіргі уақытта ол бүкіл сол жағалауда сезілді. Сонымен қатар, ЭКСПО мен жаңа мешіт маңында қалың түтінді анық көруге болады.

Елордада иістің және түтіннің себебі Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай айналма жол арасындағы ағаштардың құрғап қалған түбірлерні өртенуі себеп болды.

Бұған дейін Астана ТЖД жеке құрамның 15 адамы мен 3 бірлік техникадан тұратын өрт сөндірушілер өртті жоюға жіберілген болатын. Алайда, қазіргі уақытта сөндіруге қосымша техника мен өрт сөндірушілер жіберілді.

«Қазіргі уақытта жеке құрамның 100 адамы және Астана ТЖД техникасының 10 бірлігі, сондай-ақ қала әкімдігінің суару жуғыш машинасының 8 бірлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою үшін жұмыс істеуде», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл