Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

21.04.2023
1 мин
0
365

28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді.

Құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады. Атап айтқанда, Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Тайланд спортшылары бақ сынайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынайды.
«Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.
Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», - дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі келесідей:

Әйелдер

J2 -48 кг: Ақмарал Науатбек;
J1 -57 кг: Альфия Тілекқабыл, Дилором Диханова;
J2 -57 кг: Даяна Федосова;
J1 -70 кг: Динара Куджулова;
J2 -70 кг Диана: Бөлекова;
J1 +70 кг: Зәуре Айтек.

Ерлер

J1 -60 кг: Мұрат Мадинов, Темірболат Ташекенов; 
J2 -60 кг: Ануар Сариев;
J1 -73 кг: Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов;
J2 -73 кг: Олжас Оразалылұлы, Азамат Нокушев;
J1 -90 кг: Абылай Әділбеков, Бауыржан Арыстанбеков;
J2 -90 кг: Жанбота Аманжол, Ғалымжан Смағұлұлы;
J1 +90 кг: Ерлан Өтепов, Бағлан Оңалбек;
J2 +90 кг: Ерлан Конкиев, Талғат Ажғалиев.

Фото: ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл