Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада жаяу жүргіншілер жолы опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен
Жаңалықтар

Астанада жаяу жүргіншілер жолы опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен

26.05.2025
1 мин
0
148
Сурет: t.me/myastanacity

Астанада жаяу жүргіншілер жолының тас жабындысы опырылып, қыз суға толған шұңқырға құлап түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әлеуметтік желілерде жолдың ортасында пайда болған шұңқырдың фотосуреті тарады. Оқиға Керей мен Жәнібек хандар көшесіндегі 18-үйдің маңында, “Қобыз сарайы” жанында болған. Пабликтердің мәліметінше, қыз қатты қорқып, жылап жіберген.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылған.

- Ауруханаға жеткізуден бас тартты. Оған алғашқы медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді, – деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал “Астана су арнасы” өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді:

- Диаметрі 1000 миллиметр болатын коллектордың үстіндегі тастар опырылып кеткен. Нәтижесінде шұңқыр пайда болып, түбіне су жиналған. Оқиға орнына дереу біздің мамандар жіберілді. Қазіргі уақытта қазу және техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай толық бақылауға алынды. Оқыс оқиғаның нақты себептері тек жұмыстар аяқталған соң белгілі болады, – деп түсіндірді мекеме.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл