Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
12 тауардың өзіндік құнын төмендету үшін астық бағасы арзандатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Мемлекет басшының бағаны тұрақтандыру тапсырмаларына сай министрліктің қызметі азық-түлік өнімдерін өндіру мен бөлудің біркелкі жүйесіне, сауда инфрақұрылымының жұмысына негізделуде. Бірінші – «форвардтық сатып алуды», тұрақтандыру қорларын пайдалану, «айналым схемасы» механизімін қайта форматтау арқылы нарықты отандық тауарларымен толықтыру. Екінші - сауда инфрақұрылымын дамыту. Үшінші - техникалық және экономикалық тұрғыдан ішкі нарықты қорғау. Төртінші - сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және тиімсіз делдалдарды анықтау арқылы өндірілген өнімді өткізуге жағдай жасау», - деді бірінші вие-министр.
Оның айтуынша, өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында «айналым схемасының» жаңа тәсілдері аясында қант зауыттары қаржыландырып, ішкі нарықтың қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Тұрақтандыру қорлары қызметінің форматы өзгертілді. Бұл ретте басты назар маусымаралық кезеңде нарықтық бағалардың маусымдық ауытқуын реттеу болады.
«Біз өз көкөністерімізбен нарықты сәуір айына дейін, әрі қарай шетелден ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз етеміз. 12 тауардың өзіндік құнын төмендету үшін Азық-түлік корпорациясы арқылы астық бағасы арзандатылады», - деді Арман Шаққалиев.