Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырау облысында зардап шеккен мүлікті бағалау жүргізіліп жатыр
Жаңалықтар

Атырау облысында зардап шеккен мүлікті бағалау жүргізіліп жатыр

24.04.2024
1 мин
0
322

23 сәуірдегі жағдай бойынша Құлсары қаласының тұрғындарынан 3676 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3334-і 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда. 2315 өтініш келіп түсті, мүлікті бағалау жұмыстары басталды.

«Жалпы Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 1,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды, түрлі шағын аудандардағы 42 үйде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді. Алтыншы учаскенің 106 тұрғын үйі, Достық шағын ауданы және 27 кәсіпкерлік нысаны электр қуатына қосылған. Атырау шағын ауданындағы 125 үйде, алтыншы учаскенің 12 үйінде және Достық шағын ауданындағы 58 үйде, сондай-ақ 5 кәсіпкерлік нысанда газбен жабдықтау қалпына келтірілді»,-деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Нысандары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі консультациялық орталық жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 82 кәсіпкер кеңес алды.

Жалпы Атырау облысы бойынша су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, олар 92%-ға аяқталды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл