| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шегетін балалар саны өсті. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының оңалту бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, 12000-нан аса бала аутизм бойынша ресми тіркелген. Аутизм және баланың психикалық дамуының тежелуі себептері мен алдын алу жолдарын анықтау үшін Атырау қалалық «Logoland» түзете дамыту орталығының басшысы, дефектолог Фаризат Берекетова есімді маманның пікіріне жүгіндік.
Балаларда аутизмнің белгілері ерте жастан, шамамен 4 айлық кезінен бастап байқалуы мүмкін.
Белгілері қандай?
Осы уақыттарда ата-ана тарапынан көбірек көңіл бөлінуі тиіс.
Аутизм кейде кеш, яғни жүре бара, жастан асқан кезде де байқалуы мүмкін. Бір жасқа дейін қалыпты дамып, кейін 1-1,5 жастан бастап, жоғарыдағы белгілер пайда болуы мүмкін. Баланың жетілу процессінде былдырлап сөйлеуі, еңбектеуі немесе жүруі кешеуілдесе, ол баланың психикалық дамуының тежелуіне әкеле жатқанын білуге болады.
Ауру генетикалық жолмен де, сыртқы факторлардың әсерінен де тууы мүмкін. Алайда, аутизм көбіне генетикалық жолмен және қате мутация кезінде беріледі. Ал эндогенді және экзогенді процесстер кезінде баланың психикасының тежелуіне әкеліп соғады (ЗПР). Натальді және перинатальді, яғни басануға дейінгі және босану уақытында болатын жарақаттардың кесірінен бас миына келген зақымдар, босану кезіндегі қиыншылықтар, вакуумды пайдалану, бала басының қысылып қалған жағдайларда психикалық тежелуге әкеледі.
Эндогенді және экзогенді факторларға не жатады?
Аутизм – туа бітті синдром. Аутизммен ауратын балаларға әрдайым көмек керек, оларды үнемі сүйемелдеп жүру қажет болады. Оларды ерекше туылған балалар деп айтуымызға болады.
Психика дамуының тежелуі кезінде жоғарыда аталған белгілер байқалмайды.
фото: letidor.ru
Тағы көру