Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Азия даму банкі елімізге коронавирус індетінің өршуіне байланысты туындаған экономикалық мәселелерді шешу үшін 1 миллиард доллар бөледі, деп жазады Хабар24kz.
Аталмыш банк Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Бұл қаражат есебінен инфекция таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеріп, оларды сақтану құрал-жабдықтарымен қамту көзделген. Сондай-ақ Азия даму банкі Қазақстанмен бірлесіп, мемлекеттік басқару, шағын бизнесті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқармақ.