Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде балаларға арналған үйірмелер мен секцияларды мемлекет қаржыландырады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
2020 жылы мемлекет басшысы балаларға спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Аталмыш шара Аружан Саиннің бастамасымен дайындалды.
Тегін сабақтарға Қазақстанның барлық өңірінен 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Десе де, талап бойынша таңдау екі секция мен үйірмеден аспауы керек. Секцияға немесе үйірмеге бару үшін электронды кезекке тұрып, нақты үйірме түрін таңдау маңызды. Электронды тізімге тіркелу үшін баланың заңды өкілі өтінім бере алады.
www.artsport.edu.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, спорттық тапсырыс саласындағы өңірлердің бюджеттері бөлімінде Нұр-Сұлтан қаласына 400 млн теңге бөлінсе, Алматы қаласына 500 млн жұмсалады. Ал шығармашылық тапсырыс саласындағы өңірлер бюджеті бойынша елордаға 141 млн-ға жуық, Алматы қаласына 504 млн теңге бағытталған. Сайттан барлық аймаққа қанша қаражат бөлінгенін көруге болады.
Балалар үйірмелер мен спорттық секцияларға тегін қатысу үшін:
Еске сала кетейік, платформаға қатысты барлық сұрақтарды artsport@edu.kz электронды поштасына жіберуге болады. Жобаға өтінім берген кезде жеке куәлігіңіздің көшірмесі мен балаңыздың туу туралы куәлігін міндетті түрде жүктеу керек. Себебе бұл құжаттары жоқ өтінімдер қабылданбайды. Өтінімдерді қарастыру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
Тағы көру