Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Банк картасы ұрланған немесе жоғалған жағдайда не істеу керек?
Қаржылық сауат

Банк картасы ұрланған немесе жоғалған жағдайда не істеу керек?

07.06.2020
2 мин
12
4397

Бүгінгі таңда кез келген төлемді банк картасы арқылы жасауға мүмкіндік бар. Әрбір төлемге бонустар да беріледі. Сол себепті адамдар төлемді карта арқылы жасауды әдетке айналдырды. Қолма-қол ақшадан гөрі банк картасын құп көреді. Сондықтан картаны ұрлату, ұмыту, жоғалту жағдайлары жиі болады. Ондай жағдайда не істеу керек?

Егер банк картасын ұрлатып алсаңыз, алаяқтықтан қорғану үшін картаны дереу бұғаттау қажет. Ұялы телефоныңызда банктің мобильдік қосымшасы болса, картаңызды интернет-банкинг арқылы жылдам бұғаттай аласыз. Мәселені банктің байланыс орталығына хабарласып, оператордың көмегімен де тез шешуге болады.

Көп жағдайда банк картасы ұрланбау үшін немесе ұрланған жағдайда да қылмыскердің ақшаңызды жымқыра алмауы үшін пин-кодыңызға абай болуыңыз керек. Себебі зардап шеккендердің басым көпшілігі пин-кодты картаның өзіне немесе әмияндағы қағазға жазып қояды екен. Оны ешкімге айтпау, есте сақтау маңызды.

Оған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айдана Әріпбаеваның жағдайы мысал бола алады. Көлікке жанармай құю үшін күйеуіне банк картасын беріп, көлікте отырған көршісінің көзінше пин-кодын айтқан. Жанармай құйған соң жолдасы картаны қайтарған. Бірақ келесі күні ұялы телефонына картадан екі мың теңге шешілгені туралы хабарлама келген.  

- Абырой болғанда картам ұрланбай тұрып ақшамның көп бөлігін шешіп алғанмын. Картада екі мың теңге ғана қалған. Ақша алынды деген хабарлама келген соң картамды іздеп, таба алмадым. Содан соң полицияға шағымдандым. Онда банкоматта орнатылған камера жазбалары арқылы картамды көршім ұрлағанына көзім жетті, – дейді Айдана.

Ұқсас оқиға нұрсұлтандық Әбигүл Мұқаділдің басынан да өткен. Бірақ ол картасын ұрлатпаған, банкоматта ұмытып кеткен. Біраздан соң телефонына супермаркеттен төрт жүз теңгеге сауда жасалды деген хабарлама келген. Банк картасының бөгде адамның қолына түскенін түсінген ол дереу банкке хабарласып, картасын бұғаттаған.

Банк картаңызды жоғалтқан жағдайда, бұғаттамас бұрын қайда жоғалтқаныңызды еске түсіріп көріңіз. Себебі кейбір банктерде бұғатталған картаны қайта қалпына келтіру қиынға соғады.

Сақтық үшін банк картасынан ақша алу және ондағы ақшаны пайдалануға, интернет төлемдерге лимит қойған жөн. Сонда картаңыз ұрланса да, қылмыскердің барлық ақшаңызды жымқыруына жол бермейсіз. Интернет-дүкендерден сауда жасағанда қауіпсіздік үшін интернет-банкингке 3D-Secure орнату керек. Бұл қызмет сіздің төлемдеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кейде интернетте сауда жасау үшін виртуалды карта ашқан да дұрыс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
12 Пікір
Б
Ботагоз 24.12.2022
Ажемнын банкоматын жогалтып алдым ,енды сол банкоматында акшасы бар Еды ,ол акша алынып жатырма мен оны былмеймын ажем былмейды улкен кысы еды былетындер болса айтып жыбересыздерме
Жауап беру
Г
Гулшат 10.06.2020
Рахмет.
Жауап беру
А
Акбота 10.06.2020
Аллах разы болсын
Жауап беру
Б
Бахтыгул 08.06.2020
Рахмет
Жауап беру
М
Меруерт 08.06.2020
Рахмет
Жауап беру
А
Айзада 08.06.2020
Керемет кенес
Жауап беру
Б
Балнұр 08.06.2020
Рахмет
Жауап беру
08.06.2020
Ракмет
Жауап беру
С
Сандуғаш 08.06.2020
Рахмет Алла разы болсын біліп жүрген дұрыс
Жауап беру
К
Кадиша 08.06.2020
Рахмет.
Жауап беру
З
Зауре 08.06.2020
Рахмет.
Жауап беру
Г
Гулнур 08.06.2020
Рахмет оте пайдалы акпарат болды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл