Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 «Бақытты отбасы» бағдарламасымен қалай баспаналы болуға болады?
Баспанаға бағыт

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен қалай баспаналы болуға болады?

16.03.2023
5 мин
7
6199

«Бақытты отбасы» – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несие беру бағдарламасы.

2019 жылдан бері 7,7 мың адамға «Бақытты отбасымен» тұрғын үй несиесі берілген. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына 2023 жылы 20 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы кімдерге арналады және қалай баспаналы болуға болады, бұл туралы Dauletten.kz сайты зерттеу жүргізіп көрді.

Несиені кімдерге береді?

Егер сіз әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрсаңыз және келесі мәртебеге ие болсаңыз:

  • көп балалы отбасы
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар
  • мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы

Бағдарлама шарттары қандай?

  • Заем мөлшерлемесі жылдық 2% (ЖТСМ 2,1%-дан бастап)
  • Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-ы
  • Заем мерзімі 20 жылға дейін

Ескеретін жайт, тұрғын үйді сіз әкімдікте кезекте тұрған аймақтан ғана сатып алуға болады. Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады. Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.

Негізгі кіріске не жатады?

  • айлық жалақы
  • жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.)
  • өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс
  • тұрғын үй төлемдері
  • шәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда)

Қосымша кіріске не жатады (негізгі кіріс болған жағдайда)?

  • зейнетақы және зейнетақы аударымдары
  • мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
  • Мүшелері Бағдарламаға қатысатын отбасында мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы
  • көп балалы отбасыларға/аналарға берілетін жәрдемақы
  • жұмыс берушіден немесе сақтандыру компаниясынан қызметкер еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде өмір бойы/мерзімсіз тағайындалған жәрдемақылар
  • экологиялық төлемдер
  • отбасында асыраушысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

Өзге жәрдемақылар кіріс ретінде есептелмейді.

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

1. Әкімдікте кезекте тұру. Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұруыңыз керек.

2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшартты бекіту.

Келісімшартты Отбасы банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз.

Келісімшарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.

3. Тұрғын үй таңдау.

Бұл кезеңде сізге otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында сатылатын нысандарға қатысуға өтініш беру керек, содан кейін - төлем қабілеттілігін бағалаудан өту қажет.

4. Бастапқы жарнаны аудару.

Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, Отбасы банкінің төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.

5. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту.

Ол үшін Сізге Отбасы банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
  • кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
  • неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
  • соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар

Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.

Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.

Бастапқы жарнаңыз және төлем қабілеттілігін бағалауға арналған құжаттарыңыз болса, екінші, үшінші және төртінші қадамдарды біріктіре аласыз. Мұны банк бөлімшесінде ғана жасауға болады.

6. Сатушымен сатып алу-сату келісімшартын бекіту.

Мақұлдау алған соң Сізге нотариуста ЖАО сатып алу-сату келісімшартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.

7. Заем алу.

Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісімшартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгенен кейін банк заемы туралы келісімшарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.

8. Өз пәтеріңізге немесе үйіңізге көшіп кіру!

фото: ernur.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
7 Пікір
К
Куанай Тастанбекова 02.11.2023
Бакытты Отбасы багдарламасы кашан басталады.Мен 2019ж бери очередте турамын.Уй кезегим 1264.Озим инвалидпин
Жауап беру
Г
Гулбахар 04.08.2023
бакытты отбасы багдарламасы кашан басталады 2023 толык емес отбасы катыса аладыма мен катыса аламынба
Жауап беру
Д
Данекер 23.07.2023
Сәлеметсіз бе.3 балам бар.аз қамтылған отбасымыз .пәтерде тұрамыз .үйге мұқтажбыз.қалай үйлі болуға болады .қандай бағдарламаға қатыса аламыз..87076285381.
Жауап беру
А
Айгерім 29.06.2023
Саламатсызба.Көп балалымын.Пәтер өте қажет болып тұр.Әкімдікте үй кезегінде тұрамын.Айлық көрсеткіштер көрініп тұр.Бастапқы жарнаға ақшамыз бар.Нестимін қай жерге барамын 87750901770
Жауап беру
А
Айгерім 29.06.2023
Саламатсызба.Көп балалымын.Пәтер өте қажет болып тұр.Әкімдікте үй кезегінде тұрамын.Айлық көрсеткіштер көрініп тұр.Бастапқы жарнаға ақшамыз бар.Нестимін қай жерге барамын 87750901770
Жауап беру
К
Каримова Самал Тайкеновна 11.05.2023
Депозитта ақша болуы шарт па қанша болуы керек
Жауап беру
З
Зулфия 17.03.2023
Неге толық емес отбасы санаты жоқ мына жерде
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл