Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн режимде өтеді. Оқудан сәтті өткен тыңдаушылар мемлекеттен грант алу байқауына қатысуға мүмкіндік беретін сертификатты ала алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Онлайн оқудан бөлек, биыл қатысуға өтініш беру шарттары өзгерді. Енді жобаға қатысу үшін үміткерлерге өзінің тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек.
Ережеге сай жобаға мына санаттағы азаматтар қатыса алады: Жобаға жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлердің жекелеген санаттары қатыса алады, соның ішінде:
- ауылдық жер, қалалар, сондай-ақ моно және шағын қалалардың тұрғындары;
- медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбекке жарамды деп танылған немесе олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін мүмкіңдігі шектеулі жандар;
- зейнет демалысына дейінгі 50 жастан асқан адамдар;
- жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;
- аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері;
- ҚР «Қазқстан Республикасында зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының 11-бабы 1 тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген ауыл шаруашылығы кооперативтері, зәкірлік кооперацияларды қоса алғанда шаруа және фермерлік қожалықтар мүшелері;
- қоныс аударғандар мен қандастар.
Үміткердің мәртебесі расталған соң Жұмыспен қамту орталығы оқуға жолдама береді. Оқу жолдамасын алған соң оқу тобына тіркелу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек.
«Бейнесабақтарға рұқсат берілуі үшін сізге 15 сұрақтан тұратын тестілеуден өту керек. Оқу 12 модульден құралған 50 танымдық бейнесабақтан тұрады. Тыңдаушылар бейнесабақтар мен оларға берілген таныстырылымдарды мұқият меңгеріп алуы керек. Оқу процесінде жекелеген бейнесабақтардан соң тапсырмаларды сапалы орындап, тексеруге тренерге жіберу қажет. Барлығы 9 тапсырма беріледі. Әр тыңдаушыға оқу барысында ең кемі бір рет бизнес-тренермен жеке кеңес алу мүмкіндігі бар. Салалық сарапшылармен вебинарлар бекітілген кесте бойынша жүргізіледі», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.
Тыңдаушы оқу соңында тестілеуден 12 балл (60% және жоғары) жинаған соң, оған бизнес-жоспар конструкторы ашылады. Бизнес-жоспар балдық жүйемен бағаланады. 18 балл (60% және жоғары ) жиналған соң, оқуға қатысушысы «Оқуды аяқтау туралы сертификат» алады. Егер тыңдаушы тестілеу бойынша шекті балды жинай алмаса, тыңдаушы тестілеуден қайта өтуге (3 реттен артық емес) құқылы. «Қатысқаны туралы сертифкат» бизнес-жоспарды тексеруде шекті балл алынбай қалған уақытта беріледі. Сертфиикаттың жарамдылық мерзімі 3 жыл. Осы уақыт аралығында бизнес-жоспарды қайталап әзірлеуге мүмкіндік берілген. Кәсіпкерлік негіздерінің онлайн курсы 21 күнді құрайды.
Тағы көру