Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бесқонақ» және «Құралайдың салқыны» жайлы не білеміз?
Жаңалықтар

«Бесқонақ» және «Құралайдың салқыны» жайлы не білеміз?

18.04.2023
1 мин
0
4773

Қазақ халқы кезінде ауа райының бұзылатындығын алдын-ала білген. Тіптен, үйдің үлкендері «бесқонақ» келе жатыр немесе «Құралайдың салқыны» болады деп айтып жатқанын естиміз. Шын мәнінде, бұл болжамның мағынасы қандай? Бұл туралы Dauletten.kz айтады.

Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365, 24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек.

Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы «Бесқонақ» деп атаған. Байырғы қазақ күнтізбесінде «Бесқонақ» үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша «Бесқонақ» жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) сәуірге дейінгі аралыққа келіп отырады.

Халық аузында түрлі аңызбен байланыстырылатын бұл кезде күн күрт суытып, жаңбыр жауады. Тіпті, көнекөздер боран тұрып, қар жауған кездер болатынын да жасырмайды. Бұл кезең қыс пен көктемнің өзара тоғысар өліара тұсы. Сондықтан, қыстың қайта қаһарына мінетін кездері де болады. Айта кетелік, табиғаттың мұндай құбылысы еліміздің жекелеген өңірлерінде ғана болады екен. Дегенмен, сақтық шараларын естен шығармай, алыс сапарға шығарда қауіпсіздік қағидаларын ескерген жөн.

Дана халқымыз «бесқонақтың» болуын іштей тілеп, оны жақсылыққа жорыған. Кей жылдары бесқонақ тыныш өтсе, бесқонақ биыл ырымдамады, жаз қалай болар екен деп алаңдайды. Көп жағдайда сол мазасыздануы бекер де болмайды. Айтқандай, жаз жауын-шашынсыз өтіп, жердің оты, астықтың шығымы бәсең болып жатады. Демек, бесқонақ — ауа райының қас-қабағын баққан қазақтың өмірден түйген сабағы. Оның алдамайтыны да содан.

Құралай, құралайдың салқыны — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері.  Бұл күндері адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі не жауын-шашынды болады.

«Құралайдың салқыны» аталатын себебі бұл кезде киіктер төлдеп, құралайының кіндігі түседі. Әрі киік төлдер кезде желге қарсы жүгіріп, төлдеуге қабілетті болады екен. Бұған табиғаттың тылсым күшімен соққан қатты суық жел жәрдемдеседі. Бір қызығы, даланы кезген барлық киік осы екі-үш күннің ішінде төлдеп үлгереді.

 

Фото: baigenews.kz

Сіз қазақи болжамдарға сенесіз бе?
17 адам
Әлбетте, сенемін 0%
Жоқ, мүлдем сенбеймін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл