Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бейжіңде нөсер жауын, яғни табиғат апатынан 33 адам қаза тапты. Тағы бес адам құтқару операциясы кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Dauletten.kz «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Бейжіңнің вице-мэрі Ся Линьмао баспасөз конференциясында мәлім еткендей, 18 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, оның ішінде құтқарушы да бар.
Адамдардың мерт болуына көбіне су тасқыны мен үйлердің құлауы себеп болған.
Еске салсақ, 29 шілдеден 2 тамызға дейінгі аралықта Қытай астанасына «Доксури» тайфуны төніп, нөсер жауын жауған болатын.