Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан бидайды негізінен Қытайдың шекаралас орталық провинцияларына жеткізеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда дәнді дақылдардың барлық алқабының 94%-ы, картоптың 90,5%-ы, көкөністердің 84,6%-ы, майлы дақылдардың 30%-ы, қант қызылшасының 23%-ы жиналды. Егін жинау науқаны басталғалы элеваторларға 4,4 млн тонна астық түсті.
Қазақстанның астығы жеткізілетін негізгі елдер – Орталық Азия (2,9 млн тонна), Қытай (1,3 млн тонна), Ауғанстан (127 мың тонна), бұл биылғы 9 ай ішіндегі көлем. Салыстырмалы түрдегі тыныштықтан кейін Иранға 211 мың тонна астық жеткізу қайта жанданды, оның 140 мың тоннасы қыркүйек айына тиесілі. Басқа елдерге – Италияға, Түркияға және Ресейге 423 мың тонна жөнелтілді. Негізгі елдерге қаңтар-қыркүйек айларында 495 мың тонна – Орталық Азияға, 639 мың тонна – Қытайға, 666 мың тонна – Ауғанстанға жөнелтілді, - деді "ҚТЖ" ҰК АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.
Егін жинау науқаны бойынша жедел штаб отырысында қазақстандық астықты Қытайға жеткізудің өңірлік деңгейі қаралды. 9 айдың қорытындысы бойынша астықты жабық вагондарда тасымалдау көлемі 75%-ға және астық тасығыштарда 5%-ға өсті.
Біздің алдымызда биыл Қытайға 2 млн тонна астық жеткізу міндеті тұр, біз оның көлемін 3 млн тоннаға дейін арттыра аламыз. Сондай-ақ Ауғанстанға ұн жеткізуді ұлғайту қажет. Жаңа келісімшарттар мен логистика Алматыда өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының басты мәселелерінің бірі болуы тиіс, - деді жедел штаб отырысының қорытындысында Серік Жұманғарин.