Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«БІЛІМ-ALL» жобасы аясында Ақтөбе облысының 120 ауылдық және шағын жинақты мектептерінен 10 575 білім алушы «Математика», «Химия», «Физика», «Биология» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша қашықтықтан оқыту форматында білім алуда, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ауылдық шағын жинақты мектептерде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жобаны оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
«Алтынсарин Академиясы жоба аясында педагогтерді ғылыми-әдіснамалық, сондай-ақ әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, онлайн-сабақтарды жоспарлауға, қашықтықтан оқыту мен білім беру ерекшеліктерін зерттеуге және мониторинг жүргізуге жәрдемдесетін болады, біріккен сыныптар үшін үлгілік оқу жоспарлары әзірленеді», – деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.
«БІЛІМ-ALL» өңірлік жобасы білім алушылардың тұратын жеріне қарамастан білім алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейді.